«Тоғысқан тағдыр кемесі»

22.11.2022 ж. Балқаш қаласының медициналық колледжіне 70 жыл және Балқаш қаласына 85 жылдық мерейтойларына орай колледжімізде ашық курстық сынып сағаты ЛД 211Б .,СД 309А топтары студенттерімен өтті. Топ жетекшілері Беглиев С.Т., Бекова А.А. «Тоғысқан тағдыр кемесі» тақырыбындағы тәрбие сағатының мақсаты етіп
студенттерге колледж тарихы туралы мағлұмат беру, қала тарихымен таныстыруды қойды. Сынып сағатына шақырылған қонақтар көптеген тың мағлұматтар беріп, жастарды елін, жерін сүюге, колледждің мәртебесін үнемі көтепуге бағытталған ақыл-кеңестерімен бөлісті. Сынып сағасының тақырыбы ән,би, ойындармен ашылып, көптеген пайдалы ақпараттармен толықты.