ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2015-2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СТРАТЕГИЯСЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2015–2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СТРАТЕГИЯСЫ

Мақсат және нысаналы индикаторлар

Осы Стратегияның мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын құру арқылы бүкіл қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.

Стратегияда қолданылатын нысаналы индикаторлар:

  • Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы;
  • мемлекеттік билік институттарына қоғамның сенімі;
  • халықтың құқықтық мәдениетінің деңгейі;
  • халықаралық қоғамдастықтағы елдің беделін арттыру және тиісті халықаралық рейтингтерді, оның ішінде «TransparencyInternational» сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексіндегі Қазақстанның рейтингін жақсарту.

Стратегия Міндеттері:

  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет саласындағы мемлекеттік қызмет;
  • қоғамдық бақылау институтын енгізу;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет квазимемлекеттік және жеке сектордағы;
  • соттарда және құқық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту.

Стратегияның мақсаты мен міндеттері «НұрОтан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бағдарламасының ережелерін, сондай-ақ басқа да қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстары мен пікірлерін ескере отырып «Қазақстан-2050» Стратегиясының мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған.