Тәрбиелік жұмыс


Токейбекова Айнагуль Кымрановна Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
КМҚК "Балқаш қаласының медициналық колледжі" тәрбие жұмысы жоғары адамгершілік пен интеллектке ие, таңдаған мамандығын игеруге ұмтылатын және рухани-моральды, дені сау, әлеуметтік белсенді тұлғаны қалыптастыруда кешенді шараларды іске асыруға бағытталған.

Тәрбие жұмысының негізгі мақсаты: тәрбие үрдісінің сапасын арттыру, колледждің тәрбие жүйесін дамыту. Білім алушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктері мен кәсіби ерекшеліктерін ескере отырып жеке тұлғасын дамыту арқылы өзін-өзі анықтау, өзін-өзі дамытуды іске асыру болып табылады.
Тәрбие жұмысы арнайы бағыттар бойынша жұмыстарды жүргізеді. Атап айтар болсақ:
1.Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие.
2.Рухани-адамгершілік тәрбие.
3.Ұлттық тәрбие.
4.Отбасылық тәрбие.
5.Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие.
6.Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу.
7.Көп мәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие.
8.Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты.