Оқытушы Фролова А. А ашық сабағы

24.11.2022 ж. арнайы пәндердің оқытушы-модераторы, медицина ғылымдарының магистрі Фролова А.А. "Мейіргер ісі" мамандығының СД 409 Б тобында «Қант диабеті. Қант диабетімен ауыратын науқастар үшін денсаулық мектептерін ұйымдастыру" тақырыбына ашық тәжірибелік сабақ өткізді. Оқытушы студенттермен бірге әзірленген портфолиомен Денсаулық мектебінің моделін құрып, станциялық әдіспен тәжірибелік дағдыларды пысықтауыш. Оқытудың заманауи әдістерін, кәсіби стандарттарды, АКТ-ны қолданды. Сабаққа №1 Емхананың эндокринолог-медбикесі Жакеева А.Е. шақырылып, сабақ тақырыбының ашылуына, мазмұнды өтуіне үлесін қосты.