Колледжге түсу үшін өтініштерді қабылдау мерзімдері:


Құрметті ата-аналар мен талапкерлер!

Колледжге түсу үшін өтініштерді қабылдау мерзімдері:
 Мемлекеттік тапсырыс бойынша ағымдағы жылғы 25 маусым мен 15 тамыз аралығында
 ақылы негізде 25 маусым мен 25 тамыз аралығында
«Электрондық үкімет» веб-порталы немесе колледжге бару арқылы келесі құжаттарды тапсыра аласыз:
1) құжаттарды қабылдау туралы өтініш;
2) білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;
3) 3x4 см көлеміндегі 4 дана фотосурет;
4) № 075-У нысаны бойынша медициналық анықтама, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар мен бала жасынан мүгедектігі бар адамдар үшін № 031-У нысаны бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысы;
5) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны салыстыру үшін).
Қабылдау комиссиялары оқуға түсушілерді қабылдау нәтижелері туралы ақпаратты оқудың күндізгі нысанына ағымдағы жылғы 31 тамызға дейін ақпараттық стенділерге немесе колледждің интернет – ресурстарына орналастыру арқылы жеткізеді.