КІТАПХАНА

Кітапхана қоры колледж бейініне сәйкес "Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру ұйымы кітапханасының қорын қалыптастыру туралы 18.07.2003 жылғы №508 нұсқаулық"негізінде қалыптастырылады.
Кітапхананың негізгі кітап қоры 35460 данадан тұрады, оның ішінде 22582 дана оқу және әдістемелік әдебиеттер, оның ішінде 6850 дана мемлекеттік тілде және 108 дана электронды кітаптар, сонымен қатар 16023 дана медициналық кітаптар, 4201 дана көркем әдебиеттер және 16 дана мерзімді басылымдар (газеттер мен журналдар) бар. Бір студентке орта есеппен 41 кітап бөлінеді. Негізгі әдебиеттер қоры Тапсырыс талаптарына сәйкес әр пән бойынша қажеттілікті ескере отырып толықтырылады. Кітапханада жарты жыл, тоқсан мерзімділігімен қажетті мерзімдік және ресми басылымдарға жазылу рәсімделеді. Кітапхана "ГЭОТАР-Медиа", "Нұр-Пресс", "Фолиант", "Ақнұр", "Қазкнига" баспаларымен және т.б. қорды оқырмандарға көрсетілетін оқу-әдістемелік, электрондық оқулықтармен толықтырып отырады.
Колледждің кітапхана қоры қойылған талаптарға толық сәйкес келеді және колледж миссиясы мен оның мақсаттарына қол жеткізуге ықпал етеді.
Негізгі әдебиеттер қорын толықтыру мақсатында 2021 жылы кітапхана қорын жаңартуға 3923575 теңге, 2022 жылы 4603420 теңге бөлінді. Кітап қоры жыл сайын орта есеппен 600 дана оқулықтармен толықтырылып отырады.
Есеп беру кезеңінде "Гинекология+CD", "Стоматология+CD", "клиникалық фармакология+CD", "клиникалық диагностика негіздері", "Жалпы гигиена" және т.б. оқулықтар түсті.
Кітапхана қорының оқу жоспарларына, МЖМБС талаптарына сәйкес келуі үшін 3 жылда 2500 экземлярдан тұратын оқу әдебиеті сатып алынды, бұл 110 атауды құрайды.


Сондай-ақ, 2022 жылдың мамыр айынан бастап колледжде саll-орталықтың техникалық қолдауымен қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 1000-нан астам отандық цифрлық оқулықтар мен оқу құралдарын қамтитын "Aknurpress" қазақстандық цифрлық кітапханасына қолжетімділік ашылды.
Кітапханада абонемент, негізгі қорды сақтау бөлімдері жұмыс істейді. Оқырмандардың ақпараттық мәдениетінің деңгейін арттыру мақсатында көрме жұмысы жүзеге асырылуда. Кітап көрмелері өткізілді. Сондай-ақ, Балқаш қаласының орталық ауруханасы емханасының медициналық қызметкерлеріне қызмет көрсетіледі.

Кітапханада каталогтар қағаз түрінде жүргізіледі . Каталогтар барлық талаптарға сәйкес келеді және кітапхана қорында жүйелі және алфавиттік тәртіппен кітап табуға ықпал етеді.
Кітапхана қажетті есепке алу-тіркеу және есептік құжаттаманы жүргізеді. Оқу жылына жұмыс жоспарын құру кезінде кітапхана колледждің тәрбие жұмысының жоспарларын басшылыққа алады. Кітапхана меңгерушісі жыл сайын әкімшілік мәжілісте кітапхана жұмысы туралы есеп береді.
Колледж кітапханасы Ұлттық ғылыми кітапханамен, С.Сейфуллин атындағы қалалық кітапханамен белсенді жұмыс істейді. Кітапханашы біліктілікті арттыру мақсатында 2022 жылы мамыр айында біліктілікті арттыру мақсатында "білім беру сапасын бағалаудың ішкі жүйесін құру" семинар-тренингін өткізді.