1 қыркүйек – Білім күні

МҚК” Балқаш медициналық колледжі”ұжымы баршаңызды 1 қыркүйек – Білім күнімен шын жүректен құттықтайды!
Бүгінде колледжіміз медицина студенттеріне есігін айқара ашты. Бұл барша жанның көңілін толқытқан ерекше сәт деп білеміз.
Аталмыш күнге арналып іс-шара өткізілді. Колледжіміздің директоры Кусанов А.Қ. сөз алып, колледж табалдырығын алғаш аттаған 1 курс студенттеріне сәттілік тілеп, сапалы білім- еліміздің жарқын болашағының кепілі екенін атап өтті.
Жаңа оқу жылы баршаңызды жаңа жетістіктерге жетелесін. Шығармашылық табыс, отбасыларыңызға амандық-саулық тілейміз.
Мереке құтты болсын!