«Жас маманның қалыптасуындағы тәлімгердің рөлі»
25.11.2021 ж. «Балқаш қаласының медициналық колледжі» КМҚК және Қарағанды облысыныда білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» ұйымдастыруымен ZOOM платформасында «Жас маманның қалыптасуындағы тәлімгердің ролі» атты тақырыпта семинар өткізілді. Семинарда колледж директорының ОІ орынбасары Рақымбек Б.Т. алғы сөз сөйлеп, колледж әдіскері Косыбаева А.А. және шет тілдерінің жоғары санатты оқытушысы Омаркулова С.А. баяндама жасады. Жоғары ұйымдастырушылық пен жауапкершілік танытқаны үшін колледжд ұжымы Қарағанды облысыныда білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы тарапынан алғыс алып, оқытушылар сертификаттарға ие болды. Құттықтаймыз.