“БРЕЙН-РИНГ”

2.03.2023 күні Жалпыкәсіптік және арнайы пәндер апталығы аясында “Фармакология,фармакотерапия” пәнінен “Емдеу ісі“ және “Мейіргер ісі” мамандықтарының 3 курс студенттеріне “БРЕЙН-РИНГ” интеллектуалды-танымдық сайысы өтті.
📌 Пән мұғалімі: арнайы пәндер оқытушысы Әжімаханова Еркеайым Мейрамханқызы

Сайыс 5 кезеңнен тұрды:
1. Таныстыру кезеңі (девиз, эмблема, мамандық)
2. “Менің дәріханам” (терминдер, препараттар, жанама әсер, рецепт)
3. Сіз білесіз бе? (Дәрі-дәрмектер туралы қызықты ақпараттар)
4. Шығармашылық сәт(ерекше дәріхана қобдишасын жасау)
5. Капитандар сайысы

Сайыста ЛД211Б тобының “Адреналин” командасы мен СД309А тобының “Витаминдер” командасы бақ сынасты.

Нәтижесінде “Адреналин” командасы жеңіске жетті. Екі команда да алғыс хаттармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!