Жалпы білім беретін пәндер ЦӘК

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘННДЕРІНІҢ ЦИКЛДЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК КОМИССИЯ (ЖББ ЦӘК)


ЖББ ЦӘК ҚЫЗМЕТІ

Жалпыбілімдік пәндер циклдық әдістемелік комиссиясы Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беруінің типтік оқу жоспарлары мен бағдарламалары аясында жалпыбілімдік пәндерді оқытуды қамтамасыз ететін педагогтердің оқу-әдістемелік жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылауды жүзеге асырады. Комиссия құрамында 13 педагог бар. Оның ішінде: 1 педагог – педагог-зерттеуші, 1 педагог – жоғары санатты, 1 педагог – педагог-сарапшы, 3 педагог – педагог-модератор санатына ие, 1 магистр.

ЖББ ЦӘК МАҚСАТЫ

Педагогикалық ұжым қызметінің тактикасын әзірлеу, білім беру мазмұнын жаңарту үдерісін оқу-тәрбие үдерісіне енгізуді үйлестіру.

ЖББ ЦӘК МІНДЕТТЕРІ

  1. Пәндер мен мамандықтардың кешенді оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуін әзірлеу және жетілдіру.
  2. Инновациялық педагогикалық және ақпараттық технологияларды енгізу.
  3. Педагог қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыру.
  4. Шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтердің озық тәжірибесін жинақтау және тарату.
  5. Дайын цифрлық және электрондық білім беру ресурстарын, оқыту бағдарламаларын пайдалану.
  6. Цикл педагогтерінің кәсібилігін дамытуға бағытталған жеке білім беру бағдарламаларын іске асыру.
  7. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жандандыру.
  8. Оқу-әдістемелік құжаттамаларды сапалы жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастыру.
  9. Оқу үдерісін кредиттік технология бойынша ұйымдастыру.

ЖББ ЦМК келесі білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярлайды

  • «Мейіргер ісі»
  • «Емдеу ісі»
  • «Стоматология»
  • «Зертханалық диагностика»
  • «Акушерлік іс»
  • «Фармация»

ЖББ ЦӘК жұмыс жоспары​- https://cloud.mail.ru/public/hfV5/wS2Rd1fKE



ЦӘК отырыстарының хаттамалары
1. https://cloud.mail.ru/public/2W1w/9LZS9QJ5h

Жалпы білім беретін циклдік әдістемелік комиссиясының
2024-2025 оқу жылы бойынша жылдық есеп