Арнайы пәндер ЦӘК
Арнайы пәндер циклдық әдістемелік комиссиясы
Арнайы пәндер циклдық әдістемелік комиссиясы келесі білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярлайды
• 09120100 – «Емдеу ісі» мамандығы, біліктілігі: 4S09120101 – «Фельдшер»
• 09130100 – «Мейіргер ісі» мамандығы, біліктілігі: 4S09130103 – «Жалпы практикадағы мейіргер»
• 09130200 – «Акушерлік іс» мамандығы, біліктілігі: 4S09130201 – «Акушер»
• 09160100 – «Фармация» мамандығы, біліктілігі: 4S09160101 – «Фармацевт»
• 09110100 – «Стоматология» мамандығы, біліктілігі: 4S09110102 – «Дантист»
• 09140100 – «Зертханалық диагностика» мамандығы, біліктілігі: 4S09140101 – «Медициналық зертханашы»
• 09880100 – «Гигиена және эпидемиология» мамандығы, біліктілігі: 4S09880101 – «Гигиенист-эпидемиолог»
ЦӘК-нің мақсаттары мен міндеттері
-
білім алушыларды кәсіби дербес қызметке сапалы даярлау үшін оқытушылардың кәсіби деңгейін жетілдіру, педагогикалық құзыреттілігін арттыру;
-
жаңа буын МЖМБС талаптарына сәйкес әрбір маманның дамуына мүмкіндік беретін оқыту ортасын құру;
-
мотивацияны, педагогикалық бастаманы және шығармашылық ізденісті күшейту;
-
пәндер мен мамандықтардың кешенді оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуін әзірлеу және жетілдіру;
-
сабақтарда инновациялық педагогикалық және ақпараттық технологиялар мен оқыту әдістерін енгізу;
-
болашақ мамандарда негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыру;
-
пәндердің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуін көрсету;
-
жас оқытушылармен тәжірибе алмасу және оларға көмек көрсету;
-
білім алушылардың шығармашылық белсенділігін және қабілеттерін дамыту;
-
пәндер арасындағы, пән ішіндегі байланыс пен интеграцияны көрсету;
-
білім беру үдерісіне инновациялық технологияларды зерттеуді және енгізуді жалғастыру;
-
«Емдеу ісі», «Акушерлік іс», «Мейіргер ісі», «Зертханалық диагностика», «Стоматология» мамандықтары бойынша кәсіби модульдердің жұмыс оқу бағдарламаларын әзірлеу мен түзету жұмыстарын жалғастыру (МЖМБС талаптарына сәйкес);
-
педагог қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыру;
-
цикл пәндерін оқытатын оқытушылардың оқу үдерісін әдістемелік қолдаумен қамтамасыз ету;
-
білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмысын дамыту әлеуетін арттыру және түрлі аудиториядан тыс өзіндік жұмыстар түрлерімен ұштастыра отырып, жалпы және кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру мен дамыту.